Әдет дегеніміз адамның күнделікті бір істі қайталай беруден туындаған адамның мінезі мен іс-қимыл ерекшелігі. Міне осы іс-қимылды қалыптастыруда дініміз керемет қағида ұсынады. Исламда аз-аздан үздіксіз деген қағида бар. Бұл сөз асылында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын)сөзінен алынған. Онда: "Аллаға ең ұнамды іс аз болса да үздіксіз болғаны", – делінген. Осы қағиданы кітап оқуға салар болсақ сұрағымыздың жауабына қол жеткіземіз.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Қордай" және "Рахман" мешіті әйел-қыздар жамағаты арасында үздіксіз "Кітап оқу әдетін" қалыптастыру үшін Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен игілігі болсын) өмірбаянын оқуды бастады. Кітап қорытындысы, тестілеу арқылы болады. Өмірбаянды оқуға екі ай мерзімі берілді. Қорытындысы жарияланатын болады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі