Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Бұл қазақ халқының даналық үлгісі. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен, "Қордай" және "Рахман " мешіті Әжелер алқасы мүшелері арасында сайыс өтті. "Би-шешендер, жыраулар сөзінен" тақырыбы аясында өткен жарысқа: "Сөз құдіреті", "Салихалы апалар", " Ата салтым-асыл қазынам " топтары қатысты. Әжелер таныстырудан,мақал жалғастырудан жұмбақ шешуден ,жаңылтпаш жылдам оқудан, Би-шешендер,жыраулар сөздерін оқудан, монолог орындаудан, ұлттық ән-күй орындаудан жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын "Салихалы апалар" тобына(Рахман мешіті).
1-орын " Ата салтым - асыл қазынам" (Қордай мешіті).
3-орын "Сөз құдіретті "(Қордай мешіті) топтары иеленді. Топтарға сый-сияпат жасалып, алғыс хаттар берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі