Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тәрбиелі қыздар – ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.
«Қыз, әйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде жазғы сауат ашу курсындағы қыздарға арналған лагер «Имани жаз – 2024» мәресіне жетті. Жаздық сауат ашу курсына 80 қыз қабылданды. Қыздарымыз 1 ай бойы Имандылық әліппесін бойына сіңіріп, Мугалим саниды ережесімен оқып, Құраннан сабақ алды. Қорытынды емтихан алынып, үздіктер анықталды . Үлкен топтан топ жарған шәкірттер:
1-орын Ақбай Фатима.
2-орын Бекболат Аяна.
3-орын Оралбай Жұпар.
Орта топ:
1-орын Шағырбай Раян.
2-орын Жандосқызы Жанерке.
3-орын Дәулен Кәусар.
3-орын Ахан Алима.
Кіші топ:
1-орын Серікқұл Фатима.
2-орын Жүсіп Көркемай.
3-орын Бекболат Айсана.
3-орын Бағашар Айша.
Үздіктерге ақшалай сый-сияпат беріліп, құрмет көрсетілді. Барша қатысқан шәкірттерге кемешектер беріліп, алғыс айтылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі