Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің Молдашев Нұрбол Кеңес ауылдық шекара әскери бөлімшесін зиярат етіп, Отан алдында парызын өтеп жүрген азамттармен кездесіп қайтты.
Жиында сөз сөйлеген ауыл имамы: «Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.
Отанды сүю - патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - отанға деген сүйіспеншілік. Отанға жанашырлықпен қарау, адал қызмет ету, халықты сыйлау, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын да құрметтей білу керек.
Алла елімізді, жерімізді қауіпсіз, бейбіт мекен қылғай! Әумин!», - деп сөзін аяқтады. Алла Тағала еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігімізді мәңгі қылғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі