#Қордай: Әйел-қыздарға тәж кигізу салтанаты өтті

#Қордай: Әйел-қыздарға тәж кигізу салтанаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала: «Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады». Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен игілігі болсын) Құран аяттарын көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің аса жоғары болатындығын Абдулла ибн Амр аль-Ась риуаят еткен хадисте айтқан: «Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта».

Жамбыл облысы Қордай аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында, Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу салтанаты өтті.  Шәкірттерге   насихат айтып, алғыс білдірілді.  Арасында ең зерек шәкірттерге Құран  кітабы берілді. Құранды жүзіне қарап оқу бұйырылған қыздарға сыйлықтар беріліп, тәж кигізілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: