«Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген (мұсылман) болса, қонағын құрметтесін» (хадис). Қонақты құрметтеу – қазаққа таңсық амал емес. Қонақжайлықты басқалар қазақтан үйренері болмаса, қазаққа басқалардың үйрете алмасы анық десек артық айтқан болмас. Атадан балаға жалғасқан қонақ күту әдебі мен дәстүрлері негізі Құранның құзырынан, сүннеттің сүрлеуінен шыққан. Қонақ күту туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтел, шайырлар сөзі дініміздің әдептерімен астасып жатады.
Жамбыл облысы Қордай аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының және «Қордай» мешіті Әжелер алқасы мүшелерінің, әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен қонақтарымызға арналып жайылған дастархан басында бас қосумен жиын жалғасты. Әжелер дастарханға дұға жасап, бата берді. «Рахман» мешіті Әжелер алқасы мүшелері мен кешке келген қонақтарға құрмет көрсетіліп, қызмет жасалды. Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы ақ дастарханға жиналған әйел-қыздар жамағатына «Ауыз бірлік- береке» жайлы насихат айтып, алғыс білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі