Меркі ауданы, Ақжол ауылдық мешітінің имамы Тайтелиев Нұрмхаммед жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» жайлы уағыз-насихат айтты.
Ауыл имам: Қасиетті Ислам діні барша адамзат баласына түскен әлемдік дін және Ислам жер бетіндегі барлық қауымға ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отыра ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Кезіндегі ата-бабаларымыздың шыр етіп дүниеге келген сәбиге ат қоюдан бастап, өмірінің соңына жетіп жан тапсырған жаназа рәсімдеріне дейін қолданған дәстүрлері Ислам дінімен біте қалыптасқан», - деп, халықты ата-бабамыздың дәстүрін құрметтеуге шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі