Жамбыл облысы Байзақ ауданынының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қасиетті жұма күні Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінде «Әулие Алланың сүйген құлы» тақырыбында уағыз айтып, жамағатты әрдайым ынтымақта болып, руханият тақырыптарын бірге меңгеруге шақырды.
Бұдан кейін, ауыл ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында Бақытбек Бауыржанұлы ауылға тағайындалған жаңа имам Мамбетназаров Төребайды таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығын оқып берді.
Намаздан кейін ауыл ақсақалы бата беріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бейбіт өмірдің тұрақтылығы, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін Алладан медет тіледі.