Түркістанда іріктеу байқауы өтеді

Түркістанда іріктеу байқауы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертең, 26 маусымда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау қарсаңында Түркістан облысы бойынша іріктеу жарысы өтеді. 

«Түркістан – Ахмет Яссауи» мешітінде өтетін сайысқа 10 пара, 20 пара, 30 пара және мәнерлеп оқу бойынша ұлдар ғана қатысады. Қатысушылардың жасы 30-дан аспауы, Қазақстан азаматы болуы тиіс. 

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында 2024 жылдың қыркүйек айында қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау» өтеді. 

Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: