Түркістан облысында “Ел болам десең-бесігіңді түзе” семинары өтті

Түркістан облысында “Ел болам десең-бесігіңді түзе” семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы өкілдігі Әйел-қыздар секторының  ұйымдастыруымен “Ел болам  десең-бесігіңді түзе” тақырыбында Түркістан облысы Әйел-қыздар секторының ұстаздарына арналған  семинар өтті.

Семинарға Түркістан облысы өкіл имамы Ержан қажы Сматұлы арнайы қатысып  облыс ұстаздарына  әйел  ұстаздарының дін саласындағы қызметінің   маңыздылығын атап өтті.  Семинарға  ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара  Құтқожақызы арнайы келіп “ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында дәріс оқыды. “Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді, ұрпақтың тәрбиесіне жауапты болғанымыз үшін бұл тұста жауапкершілікті арттыруға міндеттіміз. Үйімізде баламыз,ал мешітте халықтың баласын тәрбиелеген жауапты қызметтеміз”- деп ұстаздарға қызметте табыс екі өмірде абырой тіледі. Сондай-ақ  семинарға Алматы қаласы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Сулейменова Гүлмира ұстаз  білімімен бөлісті. Бүгінде ұлт қасіреті болып отырған қоғамдағы жастардың тәрбиесі жайлы аса маңызды тұстарды атап өтті “Жастар бүгінде дінімізде ауыр күнә саналатын әдеттерге әуес болып келеді. Айтуға ауыз бармайтын ЛГБТ, жастардың синтетикалық  таблеткаларға әуес болуы  қоғамда белең алуда. Біз ұстаздар тек діни дәріс оқытумен шектелмей алдымызға келген шәкірттерге ұлттық тәрбие мен ұлттың болмысты, жан мен тәннің тазалығын да  қоса түсіндерген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге  қол жеткізе аламыз”- деп ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне көп күшті салу керектігін атап өтті.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: