ӘС-СЫҒАНАҚИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАРИЛАРЫНА ИЖАЗА КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

ӘС-СЫҒАНАҚИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАРИЛАРЫНА ИЖАЗА КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының Астана қаласындағы «Ижаза» орталығында білім алған түлектеріне «Құран ижазасы» куәлігін табыстады.


Республикалық бас мешітте өткен игі іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Алғаш сөз алған ҚМДБ Төрағасы оқу ордасының бүгінгі жетістігіне тоқталып, ұстаздардың ерен еңбегін атап өтті.
«Имам Науауи бір сөзінде: «Ілімде үлкен жетістікке жетудің әуелгі қадамы – Құранды жаттау, өйткені ол – бүкіл ілімнің анасы. Ізгі мұсылмандар Құранды толық жатқа білмейтін адамнан хадис немесе фиқһ үйренбейтін» деген екен. Алла Тағала біздерге: «Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» дейді. Ғұламаларымыз бұл аят жайлы тәпсір түсіндірмелерінде: «Біз бұл Құранның сөздерін оқуға, жаттауға, мағынасы мен сырын терең түсінуге жеңіл еттік. Егер адам қасиетті Құранға бет бұрса, Ұлы Алла ол адамға көздеген мақсатына жетуге көмектесіп, жолын жеңіл етеді. Сондықтан Құранды жаттау, оқу, түсіну өте жеңіл және өте мақтаулы амалдардан» деген екен.
Құран жаттаған сіздерге өмірде сәттілік, жолдарыңыз ашық, әрқашан Құранға қызмет ететін үлкен ұстаздардан болуларыңызды шын жүректен тілеймін» деді Бас мүфти.


Айта кетейік, Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының Астанадағы «Ижаза» бөлімінде алғаш рет тәлім алған 13 шәкірт доктор Сабри Мұхаммед Абделазим Али, доктор Ясер Ахмад Мурси Мұхаммед Сутухи және доктор Махмұд Мұхаммед Махмұд Хассаннан Асым қырағатының хафс риуаятына сай шатыбия жолы бойынша ижаза куәлігін алды.

Айтулы шара соңында ҚМДБ Төрағасы қариларға жыл бойы дәріс берген мысырлық үш ұстазға алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: