Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ерекше қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Игі шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын орталықтардың өкілдері қатысты.
Мақсатбек Мақсотұлы жиналған қауымға ерекше балалардың психологиялық процестерін, орталық жүйке жүйесін, сөйлеуін дамытуда ұсақ моториканың маңызы зор екенін еске салып, ой-өрісті дамытуға арналған ойын түріндегі құрылғы – «бизиборд» тақтайшасының 10 данасын Алматы облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын орталықтарға табыс етті.