#Меркі ауданы: Құрбан айтқа дайындық

#Меркі ауданы: Құрбан айтқа дайындық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен алда келе жатқан «Құрбан айт» мейрамына қызу дайындық жүріп жатыр.

Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде мұсылмандардың төл мерекесі  құрбан айт мейрамының құрметіне орай  тазалық жұмыстары өткізілді. Мешіт қызметкерлері ауыл тұрғындарын жинап мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын жүргізіп, сенбілік өткізді. Кейбір мешіттер күрделі  жөндеуден өтіп, əрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Келе жатқан құрбан айт мейрамы баршамызға құтты берекелі болсын!

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің амалын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: