АҚКӨЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

АҚКӨЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Талас ауданы Ақкөл ауылында жаңа "Ақкөл" мешіті халықтың қолданысына берілді. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Астаналық және Алматылық делегация мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен өңір имамдары, т.б. жоғары лауазымды тұлғалар арнайы келіп қатысты.

Шарада Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатханов Құран аяттарын оқып, Бас мүфти бата берді. Көпшілік алдында сөз сөйлеп, Жамбыл өлкесінде болып жатқан қос қуанышты тілге тиек етті. Бас мүфти мешіт салған азаматтарға алғыс хат табыстап, Алла разылығын тіледі. Сонымен қатар 30 жылдан астам уақыт бойы аталған ауылда имамдық қызмет етіп келе жатқан Сейткамалдин Әмірұлына мешітке арналған Құран кітабын сыйға тартты. Ауыл имамы Jambyl Таraz телеарнасына сұқбат беріп, мешітті салуға ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді. Бұл уақытқа дейінгі ауыл мешітінің өз уақытында дүкен болғанын, кейіннен мешітке айналдырғанын атап өтті. "Ал бүгінде Аллаға шүкір арнайы мешіт бой көтеріп, көпшіліктің көзайымына айналды" - деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында ескі мешіттің жанынан жаңадан тұрғызылған Ақкөл ауылдық мешітінің жер көлемі – 0,3450 га. алып жатыр. Ғимарат көлемі – 255м2. Құлшылық ордасында ерлер намаз оқитын және әйелдер намаз оқитын орын бар. Мешітте ерлер және әйелдер әжетханасы, 100 орынға арналған асхана, пешхана, қойма қарастырылған. Және қосымша электр щитовая, көгал, суару алаңы, көлік тұрағы бар. Ақкөл ауылдық мешітінің құрылысы 2020 жылдың 5 желтоқсанында басталып, 2024 жылдың 10 маусымында аяқталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: