ҚҰРАНДЫ ХАТЫМ ЕТУ

ҚҰРАНДЫ ХАТЫМ ЕТУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран иман келтірген мұсылмандар үшін ең қасиетті кітап болып саналады. Оған деген құрметіміз шексіз. Алланың құзырынан жер бетіне ақиқатпен түсіп, осы өмір мен ақырет әлеміне қатысты барлық ақпараттарды осы кітаптың ішіне енгізген. Осы қасиетті кітапты хатым етіп тұру сізбенен бізге қажет етілген.

"Хатым" сөзі араб тілінен аударсақ - "бітіру", "аяқтау" деген мағынаны береді. Ал фиқһтағы мағынасы "бір кісінің Құран кәрімді бастан - аяқ оқып шығуы" деген сөз. Құранды алғашқы бетінен ақырына дейін тапжылмай оқып шығу оңай дүние емес. Ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сәйкесінше сауабы да мол.

Хадис шарифте: "Адамдардың ең жақсысы - хатымды бітіргеннен кейін қайтадан бастаған адам." - делінген.

Бақилық болған адамға жасайтын сауапты ісіміздің бірі - Құран хатым ету. Марқұмның соңынан оқылатын хатым Құран - игі іс болып саналады. Табарани жеткізген хадисінде: "Бес уақыт намаздан кейін жасалатын дұға сияқты, хатымнан кейін жасалатын дұға да қабыл болады".

Көпшілік адамдар Құранды жүзінен оқып, хатым түсіре алмағаннан кейін қари, ұстаз немесе имамға жүгініп дүниеден озған жақындары үшін құран бағыштатып жатады. Бұл жағдайда құран саудаланбайды. Оқылған құран сауаптары ниетке сай оқытушы тараптағы дүниеден озған жақындарына Алла қаласа сауабы күмәнсіз жетеді. Ал, аталмыш рәсімді орындаған діни қызметкерлерге үлкен құрмет көрсетіп, сый - сияпат жасалады. Бұл туралы Захиди имам "Хатым оқыған қариға сыйлықты аз бермеу керек" деген. Қарида саудаласпай, Алла разылығы үшін хатым оқыса, оқытқан адамның берген сыйлығын алуына рұқсат.

Хатымға туған - туысқан, жақын - жуық пен дос - жаран боп жиналған дұрыс. Өйткені Құран  Кәрім  хатым етілген жер ерекше нұрға бөленіп. Алланың рахметі жауады.

 Р. Асылбек

Мойынқұм ауданының бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: