فَلَمَّآ أَلۡقَوۡاْ قَالَ مُوسَىٰ مَا جِئۡتُم بِهِ ٱلسِّحۡرُۖ إِنَّ ٱللَّهَ سَيُبۡطِلُهُۥٓ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُصۡلِحُ عَمَلَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Жүніс: 81
фәләммәә әлқоу қоолә муусәә мәә жи-тум биһис сихру инналлаһа сәюбтылуһу, инналлаһа ләә юслиху ъамәләл муфсидиин
Сиқыршылар (қолындағы жібі мен таяғын) лақтырғанда (яғни сол арқылы елдің көзін байлап ғажайып сиқыр көрсеткенде), Мұса: «Әкелгендеріңнің бәрі таза сиқыр. Алла сиқырларыңды түкке тұрғысыз етеді (нағыз көз бояушылық екенін баршаға білдіреді). Өйткені Алла лаң салушы бұзғыншылардың ісін әсте оңғармайды», – деді.
وَأَلۡقِ مَا فِى يَمِينِكَ تَلۡقَفۡ مَا صَنَعُوٓاْۖ إِنَّمَا صَنَعُواْ كَيۡدُ سَـٰحِرٍۖ وَلَا يُفۡلِحُ ٱلسَّاحِرُ حَيۡثُ أَتَىٰ
Тоһа: 69
уә әлқи мәә фии йәмииникә тәлқоф мәә сонәъуу иннәмәә сонәъуу кәйду сәәхирин, уәләә йуфлихус сәәхиру хәйсу әтәә
«(Уа, Мұса! Сен де) оң қолыңдағы асатаяғыңды лақтыр, олардың жасаған сиқырларын түгелдей жалмап, жұтып қойсын. Өйткені олардың жасағандары сиқыршының көз байлаған қулығы ғана. Сиқыршы қайда барса да, қандай сиқыр жасаса да, бәрібір мақсат-мұратына жетпейді», – деп айттық.
وَقَدِمۡنَآ إِلَىٰ مَا عَمِلُواْ مِنۡ عَمَلٍ فَجَعَلۡنَـٰهُ هَبَآءً مَّنثُورًا
әл-Фурқон: 23
уә қодимнәә иләә мәә ъамилуу мин ъамәлин фәжәъалнәәһу һәбәә-әм мәнсууроо
Содан олардың (өздерінше жақсылық деп) істеген барлық істеріне төне түсіп, күл қыламыз (күлін желге ұшырамыз).
Бұның барлығына міндетті түрде тағы келесі аяттарды қосу керек:
- әль-Бақара сүресінің 102 аяты (егер сиқыр ажырасуға болса немесе жын ғашық болып қалған болса)
- аят әль-Курси
- әль-Аъроф сүресінің 117-122 аяттары