Некеге кедергі жасайтын сиқыр (сихр та'тыл әз-зәуәж)

Некеге кедергі жасайтын сиқыр (сихр та'тыл әз-зәуәж)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл сиқыр қалай жүзеге асады?

Өшпенділікке толы адам сахирге барып, одан белгілі бір әйелді (немесе қызды) тұрмысқа шығалмауы үшін сиқыр жасауын сұрайды.
 
Сиқыршы оның атын және анасының атын сұрап, әйелдің жеке заттарын әкелуді сұрайды. Осыдан кейін сиқыршы өз рәсімін жасап, бір немесе бірнеше жынға әрекет етуді бұйырады. Жын немесе жындар әйелге кіру мүмкіндігі пайда болғанға дейін оның соңынан еріп жүре бастайды. Бұл мүмкіндік әдетте төрт жағдайда пайда болады (біз олар туралы бұрын айтқанбыз).
 
 Бұл:
 
– Қатты қорыққанда.
– Қатты ашуланғанда.
− Қатты ғапылдық хәлде болғанда (адам Алланы ұмытқан уақытта).
− Нәпсі-құмарлыққа салынғанда.
Бұл жағдайда жын екі нәрсенің бірін таңдайды: Ол әйелдің ішіне кіріп, оны сұрап келген әрбір еркекке деген жеккөрушілік сезімін тудырады. Егер ішіне кіре алмаса, ер адамның көзін сиқырлап, әйел еркекке ұнамсыз, жиіркенішті болып көрінеді.
 
Тұра осылай әйелді де сондай жолмен азғырады. Олмен тұрмыс құруды қалаған кез келген адам себепсіз одан бас тартатын болады. Басында оған үйленуге келісімін білдірсе, бірнеше күннен кейін шайтанның азғыруымен өз ойын өзгертеды. Қатты сиқыр болса, қызды сұрап келген еркек, қалыңдықтың табалдырығынан бастап кеудесі қысылып, өмірі қара түске айналғандай болады.
 
Сардар ХАТАМҰЛЫ
Тараз қаласы "Намаз ата" мешітінің имамы
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: