Майлар (зәйтүн, тмин қара зере майы), су және барлық қоспалардың үстіне Аллаға тәуекел ете отырып, мына дұғаларды оқу керек:
بِسْمِ اللّٰهِ أرْقِيكَ، مِنْ كُلِّ شَيْءٍ يُؤْذِيكَ، مِنْ شَرِّ كُلِّ نَفْسٍ أَوْ عَيْنِ حَاسِدٍ، اللّٰهُ يَشْفِيكَ، بِسمِ اللّٰهِ أُرقِيكَ
БисмиЛляһи арқиик, мин кулли шәй-ин ю-зиик, мин шарри кулли нәфсин ау 'айни хаасид, Аллаһу яшфиик, бисмиЛляһи арқиик.
Алланың атымен саған рұқия жасаймын, саған зиян келтіретін барлық нәрселерден, әрбір жанның жамандығынан немесе көреалмайтын қызғаншақтың көз назарынан Алла шипа берсін, Алланың атымен саған рұқия жасаймын (саған дем саламын).
أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللّٰهِ التَّامَّةِ مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ وَ هَامَّةٍ وَ مِنْ كُلِّ عَينٍْ لَامَّةٍ
А'уузу бикәлимаати Лляһит-тәәммәһ, мин кулли шайтоонин уа һәәммәһ, уа мин кулли 'айнин ләәммәһ.
Мен Алланың кәміл сөздерімен кез келген шайтаннан, кез келген улы жаратылыстан және кез келген сұқ көзден пана сұраймын.
اللّهُمَّ دَمِّرْ كُلَّ عَيْنٍ حَاسِدَةٍ وَكُلَّ عَيْنٍ مُعْجَبَةٍ
Аллаһумма дәммир куллә 'айнин хаасидатин уа куллә 'айнин му'жәбәһ.
Уа Алла, әрбір көреалмаушынын тиген көзін және әрбір тамсанушының тиген көзін жоя гөр.
اللّهُمَّ أَذْهِبْ وَاصْرِفْ عَنِّي حَرَّ الْعَيْنِ وَبَرْدَها وَ وَصَبَها
Аллаһумма азһиб уасриф 'аннии харроль 'айни уа бардаһәә уа уасобаһәә
Уа Алла, тиген көздің қызуын, суығын, ауруын менен жойып кетіре гөр.
اللّهُمَّ احْلُلْ عُقَدَ الْعَيْنِ في جَسَدِي
Аллаһумма хлюль 'уқодәль 'айни фии жәсәдии
Уа Алла, менің денемдегі көздің түйінін шеше гөр.
اللّهُمَّ دَمِّرْ عَيْنَ الْعَائِنِين وَحَسَدَ الْحَاسِدِين
Аллаһумма дәммир 'айнәль 'аа-иниин уа хасадәль хаасидиин
Уа Алла, көз тигізушінің көзін, көреалмаушының қызғанышын жоя гөр.
Зәйтүн майы мен зәм-зәм суының үстіне көзге қарсы осы дұғалар мен аяттарды оқып, сосын ішу керек.
Сардар ХАТАМҰЛЫ
Тарақ қаласы, "Намаз ата" мешітінің имамы