1. Мұсхафты ұстау. Алла Елшісі (ﷺ): «Таза кісіден басқасы Құранды ұстамасын!» – деген (Жалалуддин ас-Суютый «әл-Итқаан фи Улуум әл-Қур’ән», 2/459);
2. Мұсхафқа бекіген мұқабаны ұстау, өйткені ол оған біріктіре тігілуі арқылы оның ажырамас бөлігі саналады. Оны ұстау Құранды ұстаумен бірдей;
3. Бөлек қолданылатын қаппен ұстауға рұқсат етіледі. Сол секілді мұсхаф салынған қапшықты, сөмкені, қолдорбаны, портфельді ұстауға болады.
4. Аяттар жазылған нәрсе, аяттармен безендірілген не нақышталған қабырғаны және жиектемені ұстау;
5. Құран оқығысы келген кісіге қаламмен не соған ұқсас затпен қажетті бетті ашуға рұқсат етіледі;
6. Құран аятын қағазға жазуға тыйым салынбайды;
7. Құранды үстіндегі киімнің жеңімен ұстау үкімі – мәкрүһ тахриман. Ал денеден бөлек матамен ұстауға болады;
8. Тәпсір кітабын, егер көлемі Құран мәтінінен көп болса, ұстауға рұқсат етіледі. Көлемі Құран мәтінінен аз не тең болса, ұстау мәкрүһ саналады;
9. Құраннан басқа шариғи кітаптарды дәретсіз ұстауға тыйым салынбайды, бірақ дәретпен ұсталуы – мұстахаб;
10. Мұсхаф болсын, сүре не аят жазылған парақ болсын, сәбидің ұстауына рұқсат етіледі. Өйткені шариғат талап еткен дәрет нормасы Құран оқу әдебіне үйрету тұрғысынан ғана болмаса, сәбиге әлі міндетті емес. Сондай-ақ, сәби күнінен Құран оқып үйренуі мен жаттауы – аса қажеттіліктердің бірі;
11. Ұрлатып алудан қорыққан жағдайда ғана болмаса, Құранды жастанып жату – мәкрүһ.