Зекет — Исламның бес парызының бірі. Оған Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау», – деп айтқан сөзі дәлел. Асыл дініміз Исламда «Зекет» – көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.
Шу ауданы Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінің имамы Абусейіт Қоспановтың ұйымдастыруымен 5 бас қой, Алға ауылы "Аманкелді" мешітінің имамы Абәбәкір Әбдіраимовтың ұйытқы болуымен 6 бас қой зекет берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі