Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын жандардың қатары сиремеген. Қайырымдылықты ғылыми тұрғыда зерттеушілер интеллектуалдық һәм этикалық деп екіге бөледі. Этикалық түрі – ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдікпен сипатталса, интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады. Ислам ғұламалары болса оны зекетпен тығыз байланыстырады.
Мұндай игі шаралар шу мешіттерінде жиі ұйымдастырылады. "Қонаев" мешітінің имамы Ердәулет Құлдыбековтың ұйымдастыруымен 17 отбасыға қайырымдылық ретінде азық-түлік пен 1 қойдан табысталды.
Игі науқанға 850 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі