#Шу: Әйелдер жамағаты Қадір түнін қарсы алды

#Шу: Әйелдер жамағаты Қадір түнін қарсы алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қадір» сөзі «сығылысу» мағынасын береді. Осыған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі тарылу мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. Өйткені бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен соң, жердің тарлығынан сығылысады. 

Осынау қасиетті түнді Шу аудандық "Жәми" мешіті әйел-қыздар секторының ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының жамағаты мешітте бірге қарсы алды.

Мешітте жамағатқа ауызашар беріліп, уағыздар айтылды. Шәкірттерге сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, жүйрік жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: