Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
"Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 10 отбасыға 10 "Ораза қоржыны" табысталды. Көмек алғандар алғысын айтып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі