Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен "Қиындықта ел бірге" атты қайрымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мешіт шәкірттері түрлі тәттілер мен тәске басарлар пісіріп алып келіп, мешітке келген жамағатқа ұсынды. Ал жәрмеңкеден түскен қаражат "Су апатынан зардап шеккен аймақтарға аударылды".
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі