Биылғы көктемдегі қардың жылдам еруіне байланысты Қазақстанның бірақ облыстарында қар суы көтеріліп, біраз ауылды аймақтарды су басып, орасан шығын келтіруде. «Жақсылық жасаңдар, сонда, әрине, құтыласыңдар [22-77]» - деп Алла әмір еткендей, осынау қиын жағдайға тап болған ағайынға көмек қолын созып, демеу болу баршамыздың борышымыз.
Осы мақсатта Шу ауданынан су тасқыны болған өңірлерге оның ішінде Ақтөбеге облысына көмек жөнелтті. Шу өңірінің барлық мешіттері көмек жинап, қосалқысымен бірге 2 камаз шығарып салынды. Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев батасын беріп, жүргізушілерге сәт-сапар тіледі.
Сонымен қатар "Көпшілікпен біз біргеміз" ұранымен Батыс Қазақстан облысына қаржылай көмек жиналып, "Зекет" қорына 1 300 000 қаржы аударылды. "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы және басқа да ауыл имамдары жиналып, су тасқынынан зардап шеккендер үшін дұға жасады. Ауылдық "Жиембет Жексенбай" мешітінің имамы Бердібеков Шүкірәлі 800 000 теңге қаржылай көмек табыстап, аталған қаражат "Зекет" қорына аударылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі