#Шу: 150 түп тал отырғызылды

#Шу: 150 түп тал отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ағаштың тамыры – жерде, иманның тамыры – жүректе. Жер сау болса, өнім жақсы. Жүрек сау болса, амал жақсы. Жолда жатқан қоқысты алып тастау – мұсылман үшін иманын күшейту сияқты қадірлі амал. Бұл хадиске қажеттілік күннен күнге артып бара жатқандай. Себебі, тазалық сақталмай, көшелердің кез келген жеріне қолындағы қоқысын тастай салу, темекі тұқылын лақтыру, көрінген жерге түкіріп кету, жас талды сындыру, көгалды таптау, гүлдерді аяқ асты ету секілді келеңсіз көріністер жоқ емес. Өкінішке қарай бұл – мұсылманшылықты бiлмегеніміздің кесi­рi­, ата діннен қаншалықты қашықтығымыздың көрінісі.

Рамазан айында "Тал отырғызу" жобасы бойынша "Жәми" мешітінде,  "Жиенбет" мешіті мен "Бірлік" мешітінде және "Хати Сауранбай" мешітінде 150 тал егілді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: