#Шулықтар Қадір кешін атап өтті

#Шулықтар Қадір кешін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында сәуірдің 5-нен 6-на қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни Қадір түні аталып өтті.  Шу мешітірінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

Шу тұрғындарын Қадір түнімен ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев құттықтап, аймақ тұрғындарына лебізін жеткізді. Содан кейін ең алдымен тарауық намазы оқылып, хатым дұғасы жасалынды.

Шуда биыл 6 мешітте Құран хатымы жасалып, қарыларға шапан жабылды. Құрмет ретінде қаржылай сый-сыяпат жасалып, ақсақалдар бата берді. Шу мешіттерінде спорттық ойындар ұйымдастырылып, жамағат арасында бой жазды. Сұрақ-жауап жасалып, үздік жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табысталды.

"Төле би" мешітінде Түркия елінен келген қари Хусейін Байраққа мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы мен жамағат құрмет көрсетіп, алғысын айтты. Қари Шу жамағаты сондай жомарт мейірбан деп көзіне жас алып, рақметін айтты. 

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: