Әлем мұсылмандары бүгін Ораза айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгін айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы ұлық мерекені бастап та кетті. Тараз қаласының жамағаты да айттың алғашқы күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.
Таң намазынан айт намазына дейін мешітте Құран оқылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Ораза айт мейрамы жайында уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады.
Таңғы сағат 6:40-та жамағат бас имамға ұйып, айт намазын оқыды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешіт лық толды. Намаздан соң бас имам жамағатпен бірге су тасқынына тап болған облыстар үшін дұға жасап, еліміздің тыныштығы мен берекесін тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі