Күндердің сұлтаны Рамазан айында түндердің ұлысы Қадір түні қарсаңында Құран секторының ұйытқы болуымен Талас ауданында Құран кәрімнен сайы өтті. Анарбай әулетінің балаларының атсалысуымен өткен "Құран түскен құтты ай" атты жарысқа жасөспірімдер қатысты.
Шараға әділқазы ретінде Жамбыл облысындағы Құран секторының жетекшісі Бірлік Амангелді арнайы барып қатысты. Құран сайысы 1 пара және 15 сүре бойынша жасалды. Көп ішінен озық шыққандар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.
1 пара бойынша:
1 орын - Қалықов Ердан, Қордай ауданынан
2 орын - Жандарұлы Юсуф, Тараз қаласынан
3 орын - Мырзагелді Нурислам "Һибатулла Тарази" мешіті
Жарты пара яғни 15 сүре бойынша:
1орын - Аян Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті
2 орын - Асылжан Сауранбек, "Қажы би Қаратау" мешіті
3 орын - Мейіржан Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті.
Бірлік Амангелді жастарды ынталандыру мақсатында насихат айтып, Талас ауданының бас имам мен қари жүлдегерлерді сыйлықтармен марапаттады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі