Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде Қадір түні қарсаңында 250-300 адамға ауызашар берілді. Ақ дастархан басында ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз және ауыл әкімі сөз сөйлеп, ауызашар беріп жатқан кәсіпкер ағаларымызға, соны ұйымдастырған ауыл жастарына разы болып, алғыстарын білдірді.
Артынша ауыл имамы сөз сөйлеп, қасиетті қадір түні жайлы уағыз-насихат айтты. Уағыз барымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды "Ислам және дәстүр құндылығы" жылы деп жариялағанын жеткізіп, салт-дәстүрден сұрақ-жауап ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыстады.Ауыл тұрғындары ауыл имамына өз алғыстарын білдіріп, қаржылай сыйлықтарын табыстады.Соңынан Құран оқылып, Елімізге, Жерімізге дұға жасалды!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі