#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРҒА ТЫЙЫМ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРҒА ТЫЙЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы әкімшілікте өткен дөңгелек үстелге қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдарға тыйым салу керектігін айтты.

Ауыл имамы насихатында: «Жастарымыздың теріс ағымға кіруінің басты себептерін де өз деңгейімізде санамалауға болады. Біріншіден сауаттылық мәселесі, яғни діни сауаттылықтың өте төмен болуы. Отбасында, мектепте, жоғары оқу орындарында діни-рухани көзқарастан туындаған сұрақтардың жауабын уағыздардан іздейді. Өзінің елеп-өлшейтін сауаттылық деңгейі жетпегендіктен айтылған уәждердің барлығын қабылдай береді. Дінге деген жастардың қызығушылығы күннен күнге артуда. Сондықтан жастардың діни сауатын ашу, ұлттық-рухани құндылықтармен сусындату қазіргі біздің еліміздің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр, - деп сөзін бастады.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: