Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының әкімі ауыз бекіткендерге ауызашар берді. Ауызашарға Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов арнайы барып, Қасиетті айдың артықшылығы мен оразаның тәрбиесі жайында уағыз айтты.
Президентіміз бастаған ауызашарды аудан, ауыл әкімдері де қолдап, ары қарай жалғастырып кетуде. Ауызашар берген адам ораза ұстағандай сауапқа ие болады, - деген хадиске амал етіп, ауызашарлар толассыз беріліп, рамазан айының берекетін сезінуде.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі