Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінің бас имамы Дастан Қасымалиевтың бастамасымен және мешіт жамағатының бірлесуімен қасиетті Қадір түнінде Құран жарысы өтті.
Мешіт имамы Дастан Қасымалиев мешітке келген жамағатқа Қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз-насихат айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа "Жүніс молда" мешітінің шәкірттері және басқа да, аудан-ауыл мешіттерінен келген шәкірттер сайыста бақтарын сынады. Жүлделі орын алған қатысушыларға сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Осындай сайыстарды өткізудегі басты мақсат, өсіп келе жатқан жастарды Құран оқуға қызықтыру.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі