Әке мектебі - отбасы тірегі

Әке мектебі - отбасы тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы Қарттар үйінде "Әке мектебі - отбасы тірегі" атты тақырыбында кездесу жасалды. Шараға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Ізгі қоғам бағытына жауапты маман Есет Таласбаев арнайы барып қатысып қайтты. 

"Қазақ даласы отбасындағы әкенің орны қашан да ерекше болған. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адамның тәрбиесін еске алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі"- деп атап өтті білікті маман. 

Көпшілік өз ойларын ортаға салып, дін маманына көкейкесті сауалдарын қойды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: