Пайғамбарымыз ( Алланың салауаты мен сәлемі болсын): « Үйлену – менің сүнетім» - деген болса, басқа бір хадисте « Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмметтерге мақтанамын» - деген.
Осы хадистың негізінде Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Алланың разылығын үміт етіп, шаңырақ көтергелі жатқан жас жұбайлардың некесін қиды. Бас имам жас жұбайларға мешіт ұжымы атынан сыйлық беріп, отбасы құндылығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, уағыз – насихат айтып, жас отбасыға бақыт тілеп, дұға жасады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі