Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің асханасында Жамбыл ауылының 1990 жылғы туған жіггіттері ауызбіршілік танытып, мешіт жамағатына ауызашар берді.
Жиын барсында ауданның бас имамы Азамат Берікұлы сөз сөйлеп, уағыз – насихат айтты. Ауыл жігіттері «Меркі ата» мешітінде тарауық намазында Құран хатым етіп жатқан қариларға шапан жауып, құрмет көрсетті. Игілікті шара да діни – танымдық, викториналық сұрақ – жауап ойыны ұйымдастырылып, «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан» жайлы сұрақтар қойылып, әрбір дұрыс жауап айтқан жандарға 5000тг ақшалай сыйлық табысталды. Бұған қоса осы ақ – дастарханға ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарды да шақырып, оларға да қаржылай сыйақы берілді. Шарапатты дастарханға жиналған барша қонақтар, ауыл тұрғындары мешіт ұжымына, ауыл жастарына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Шынайы мұсылман қоғамын, мұсылмандар арасындағы өзара бауырмашылдық сезімінсіз суреттеу мүмкін емес. Мұндай сезімдегі бауырлар ағаштың бұтақтары іспеттес саны көбейген сайын қуаттала түседі. Бұтағы көп мықты ағашқа қатты жел әсер ете алмағандай ауызбіршілігі, бауырмашылдығы мығым елге ешқандай қара пиғылды күштер әсер ете алмайды. Әлбетте бұл ағаштың қажетті жеміс беруі имандылыққа тікелей байланысты, Алла тағала Құран кәрімде: «Шын мәнінде мүміндер бауыр» - деген. Ауыл жастары ауызбіршіліктің үлгісін көрсетуде, ел жастарының қайырымды іске болысып, бірлікте әрекет етуі қуантарлық жайт. Бізде осы қуаныштың еселенуіне тілекшіміз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі