Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.
Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен Рахман мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы шәкірттермен ауыз ашар өткізді. Дастархан басында Құран оқылып, бата жасалды. Әйел-қыздар жамағатына «Қадір түні», «Рамазан - айлардың сұлтаны» атты тақырыпта уағыз-насихат айтылды. Көпшілікпен ойындар ойнатылып сыйлықтар берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі