#Меркі ауданы: Нәзір құрбандықтың еті тарқатылды

#Меркі ауданы: Нәзір құрбандықтың еті тарқатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Тұрар Рысққұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың мұрындық болуымен ауыл тұрғыны Алланың разылығын үміт етіп өзінің нәзір еткен құрбандық малын сойып, осы қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға үлестіріп берді.

Нәзір құрбандық – бұл адамның көңіліндегі қалаған бір ісі орындалған уақытта, болмаса Алла Тағаланың разылығы үшін құрбандық шаламын деп атаған малы. Ескеретін нәрсе нәзір құрбандықты ниет еткен адамның өзіне, бала-шағасына, немерелеріне, ата – анасына, ата – әжесіне нәзір ретінде бауыздалған малдың етінен жеуіне болмайды. Егер етінен белгілі бір мөлшерде өзі немесе жоғарыда аталған жандар жеп қойса, сол мөлшерде садақа беру керек болады. Нәзір құрбандықтың еті мұқтаж жандарға, кедей-кепшікке тарқатылуы тиіс.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: