Рамазан айы қайырымдылық айы, бұл ай сауаптар еселенетін ай. Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің жанындағы асханада күнделікті ауызашар берілуде.
Мешіт имамы Көктал Мадияр ауызашарды тиімді пайдалану мақсатында күнделікті дастархан басында «Рамазан – Ихсан айы» тақырыбында жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтуда. Атап айтсақ жүрек дерттері, нәпсімен күрес, құлшылыққа бекем болу т.б. тақырыптарды егжей-тегжейлі түсіндіруде. Ауыл тұғындары ауыл имамына рақметін айтып, ризашылықтарын білдіруде.
Алла Тағала ұстап жатқан оразаларымызды, беріп жатқан ауызашарларымызды қабыл еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі