#Жуалы: Бала қауіпсіздігі-қоғамның басты міндеті!

#Жуалы: Бала қауіпсіздігі-қоғамның басты міндеті!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала алмайтын мылқау болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деп айтып кеткен. Яғни, «Балам өнегелі болсын десең баланы емес, өзіңді тәрбиеле» демекші, баланың тәрбиелі болуы ата-анасы мен ұстаздарына, ортасына тікелей байланысты.

Жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында «Бала қауіпсіздігі –қоғамның басты міндеті» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Шараға құқық қорғау органдары, зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары, ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім беру мекемелерінің директорлары, мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің төрағалары және Жуалы аудандық орталық ауруханасының сенім жастар денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкерлері қатысты.

Кездесуді аудан әкімі Жалғас Мұртаза ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қонақбаев исламдағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Батыр Баукең айтқандай, оқушыларды тәртіпке бас июге шақырды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: