#Байзақ: ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

#Байзақ: ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы аясында жас отбасыларға ауызашар беріліп, оларға дәстүр құңдылықтары насихатталды.

    Шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып: «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Әр халықтың өзіне тән қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық», - деп, «Дін мен дәстүр құңдылықтары» тақырыбында насихат айтты.

         Ауызашар дастарханына қатысқан жас отбасыларға мешіт атынан Рамазан сыйлығы берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: