Тараз қаласы 59/7 түзету мекемесіне қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан 400 адамға ауызашар берді. Түзету мекемесінде отырған адамдарға дастархан жайып, уағыз-насихат айтылды.
Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады дегендей ауызы берік адамға ас беру – үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді. Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.»(Исфахани)
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті