Шу ауданы "Жәми" мешітінде Алланың 99 көркем есімін жатқа оқудан қыздар арасында сайыс өтті. Шараға сауат ашу курсының қазақ тілді және орыс тілді топтары қатысты.
Мешіт ұстазы Гулжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен өткен сайыс өз жеңімпаздарын анықтап, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.
Бас жүлде мен 1 орынды қазақ тілді тобының шәкірттері алса, 2 және 3 орынды орыс тілді топ қанжығасына байлады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі