Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйелдер жамағатына арналған кезекті уағыз жүргізілді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева "Тәубе" тақырыбында насихат айтты.
Семинар қасиетті Құран хатымының дұғасымен басталды. Рухани уағыз тыңдап, ерекше әсерге алған қыз-келіншектер көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Ұстаз тәубе етудің маңызы, тәубе жасау жолы, дұғасы турасында толыққанды ақпарат беріп өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



08 Желтоқсан 2025
17 Джумада-сани 1447

