Тараз қаласының мешіттерінде қасиетті Рамазан айында қайырымдылық іс шаралары жалғасын табуда. «Әулие ата» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 30 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен жәрдем берілді.
Қаланың бас имамы Аманбаев Ержан сөз сөйлеп, қайырымдылық берген жанға алғысын білдірді. Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті