Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 500 ден аса мұқтаж адамға «Бақсарайы» мейрамханасында ауызашар берілді. Рамазан айы өзге айларға қарағанда – сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай.
“Әулие ата” мешітінің бас имамы өзінің уағызында, қасиетті рамазан айын құрметтеп кім бір мұсылманның ауызын аштырса оған Аллаһ Тағала Сырат көпірінен өтуін жеңілдетеді хадисте келгендей: «Рамазанда бір қонаққа ауыз ашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады. Рамазан айыннан тыс айларда ас беріп жатады әрине оның да сауабы барады Аллаһ қаласы, ал Рамазан айында ауыз ашар жасап ас беру үлкен сауапты іс.
Тараз қалалық орталық "Әулие ата" мешіті