Алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу-сауапты іс. Тараз қаласындағы №59 мекемесінде жыл сайын орын алатын «Ағаш отырғызу» акциясы өтті.
Атаулы шараға, Тараз қаласының Бас имамы Ержан Аманбаев және мекеме қызметкерлері, мен әділет полковнигі Руслан Уразметов атсалысты. Тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде, мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат айналамызды таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыруға шақыру болып табылады.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті