#Тараз: Әулиеаталық жамағатқа ауызашар берілді

#Тараз: Әулиеаталық жамағатқа ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айындағы ізгі амалдардың бірі – ораза ұстаған жандарға ауызашар беру. Қайыры мен сауабы мол айдың биыл Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келуі ата дініміз бен дәстүріміздің біте қайнасып жатқанының тағы бір айғағы.

Рамазан айында имандылық шарасын ұйымдастыру еліміздің барлық өңірінде дәстүрге айналған. Сол дәстүр биыл да жалғасын тауып, Қайырымдылық күніне орай қалалық “Әулие ата” мешітінде ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді.

Игі шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай бастаған азаматтар арнайы қатысты. 350 адамға арнап жайылған ақ дастархан басында қариялар тағылымға толы әңгіме өрбітсе, имамдар аруақтар рухына құран бағыштады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: