Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылы, «Тоғызтарау» мешітінің қызметкерлері мен ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ауыл дүкендерін аралады. Алла бұйырған рамазан айында Жаратушымыз тыйған арақ-шарапты сатпау туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің үндеуімен таныстыра отырып, бұл сусындардың Алла қатаң түрде ескертіп арам еткендігін жеткізіп, насихат айтты.
Өзі күнәһар болғаннан бөлек қаншама жандарды Алланың қарғысына ұшырауына себепші болып жатқандығын атап өтті. Арам етілген заттар мен сусындарды сату арқылы береке таппайтындығы айтылды.