Тәуелсіз Қазақстанның қысқа ғана тарихында еліміздің дін саласы көптеген өзгерістерге ұшырады. Діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты жоқ азаматтарды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтастарына айналдыруда.
Осыған байланысты Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қожа Ахмет Яссауи қазақ түрік университетінің оқытушысы Оразбай Сержан Қарсыбайұлы Қордай ауданы «Қордай» мешіті жамағатына жат ағым жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Діни білімді интернет арқылы немесе бейтаныс адамдар арқылы үйренбей, арнайы білім иелері, ұстаздар мен мешіт имамдарынан үйрену керектігі жайында тілге тиек етіп, айтып өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі